Аймақтар • 22 Қаңтар, 2024

«Қашағаннан» мұнай өндіретін NCOC компаниясына жаңа басқарушы директор келеді

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Каспий теңізінің елімізде орналасқан секторындағы «Қашаған» кен орнынан мұнай өндіріп жатқан NCOC компаниясына жаңа басқарушы директор келетін болды. Бұл деректі компанияның баспасөз қызметі растады, деп жазады Egemen.kz.

«Қашағаннан» мұнай өндіретін NCOC компаниясына жаңа басқарушы директор келеді

Фото: NCOC компаниясы баспасөз қызметі

NCOC компаниясының басқарушы директоры лауазымын 2021 жылғы маусымнан бері Оливье Лазар атқарып келді. Енді оны алдағы наурыз айында Джанкарло Рую алмастырады.

«Джанкарло Рую Қазақстанда және шетелдік компанияларда мұнай мен газ кен орындарын басқару стратегиясы бойынша мол тәжірибе жинақтаған. Осы қызметке дейін өндірістің, кен орындарын барлаудың, игерудің, пайдаланудың, сондай-ақ бизнесті дамытудың толық барысын қамтитын жауапты лауазымдарды атқарған. Осы кезге дейін «Қарашығанақ  Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясының бас директоры лауазымын атқарып келеді. Мұның алдында Абу-Дабиде Eni/ADNOC бірлескен кәсіпорнының құрлықтағы бағдарламасын басқарды. Ганада Eni компаниясының басқарушы директоры, Қашаған кен орнын игерудің І кезеңінің директоры болды», деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.